16:30, 08 Шілде 2010 | GMT +5
К. Мәсімов Петропавлдың құрылыс материалдары зауытында болды
ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бейсенбі күні СҚО-ға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Петропавлдың құрылыс материалдары зауытында болды.

Зауыт аймақтағы құрылыс материалдары, бұйымдары мен құралдарды шығарумен айналысатын белді кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын полиэтилен құбырларын, темір құрылғыларын, тез көтерілетін тұрғын үйлер мен өзгелерді монтаждауға арналған панельдерді шығарумен айналысады.
Кәсіпорында ИСО 9001-2001 халықаралық стандарттарының талабына сәйкес сапа менеджментінің жүйесі енгізілген.
Үстіміздегі жылы қорғаныс қаптамасы бар пенополиуретаннан жасалған жылу өткізбейтін құрыш құбырларын шығарудың үш жаңа желісі іске қосылды.