К. Мәсімов Президенттік инновациялық клубтың алғашқы отырысына қатысады

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас» атты Инновациялық форум шеңберінде бірінші рет Президенттік инновациялық клубтың отырысы өтеді.

Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысатын болады. Бұл туралы бүгін аталмыш форум шеңберіндегі баспасөз мәслихатында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин мәлім етті.

«Кәрім Мәсімов Президенттік инновациялық клубтың алғашқы отырысының ашылу рәсіміне қатысатын болады. Сонымен қатар, Үкімет басшысы бүгінгі Инновациялық көрмені де салтанатты түрде ашып, аралап көретіні жоспарланып отыр», - деді Әнуарбек Сұлтанғазин. Аталған инновациялық жобалар көрмесіне Қазақстанның барлық аймақтарынан жинақталған және экономиканың түрлі салаларын қамтитын үздік деп танылған 68 жобалар қойылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram