К.Мәсімов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесін қорытындылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысын қорытындылады.
None
None

«Шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыс барысында ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Өткен жыл ішіндегі ШЫҰ қызметінің нәтижесі, сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды. Біз ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен Банкаралық бірлестігі қызметі туралы ақпаратты тыңдадық», - деді К.Мәсімов отырыс қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған брифингте.

Сонымен қатар Үкімет басшысы отырыс барысында оған қатысушылар халықаралық мәселелерге және Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту болашағына қатысты сенімді пікір алмасқандарын атап өтті.

«Біз ШЫҰ аясындағы тәжірибелік ынтымақтастықты жандандыруға қатысты ортақ пікірде болдық. Меніңше, бұл қазіргі жағдайда барынша өзекті», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар