К.Мәсімов СҚО-дағы Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған мемориалдық кешенді аралады
Қарасай батыр мен Ағынтай батыр 17 ғасырда Есім ханның бастауымен қазіргі Айыртау ауданының аумағын жау басқыншыларынан қорғаған. Қос батыр Құлшынбай төбесінде жерленген. Мемориалдық кешен қазіргі Қарасай батыр атындағы ауылда орналасқан. Ұлы кесене Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 1999 жылы салынған.
Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16 метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi - мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң көптеген молалары бар.
Композициялық кешен республикалық маңызы бар ескерткіш болып табылады, оны көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi.