К.Мәсімов Талдықорған әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын тексерді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Талдықорғандағы әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын тексерді.
None
None

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов К.Мәсімовті ұшу-қону жолағын қайта жөндеуден өткізу нәтижесі мен авиажасақ жұмысының перспективалары туралы ақпараттандырды. Бұдан кейін әуежай басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев Премьер-министрді әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысымен таныстырды.

Талдықорған әуежайында жылына 600 жуық әуе рейсіне қызмет көрсетіледі, орта есеппен жылына шамамен 26 мың жолаушы тасымалданады. 2013 жылы мұнда қолданыстағы әуежай жабынын нығайту жұмыстары жүргізіліп, жазғы алаң элементтерінің: ұшу-қону жолағының, магистральді және бұрылу жолдарының техникалық сипаттамалары өзгертілді, жарық белгісін беретін жабдықтар ауыстырылды.
2015 жылдан бері әуежайдың әкімшілік және қосалқы ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар