К.Мәсімов: Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. ШҚО. Білім беру.

ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат. «Шығыс Қазақстан облысы республикадағы білім беру үдерісінде алдыңғы қатарда. Еліміздегі 6 «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» екеуі Шығыс Қазақстан облысында», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Facebook-тегі жеке парақшасында.
None
None

Тәуелсіздік жылдары өңірде 70 жаңа мектеп салынды. Сонымен, 1996 жылы 3 мектеп салынды, 1997-2010 жылдары жалпы білім беру мекемелерінің саны 66-ға жетті, қазіргі уақытта 70 мектеп жұмыс істейді. 2011 жылы ескі ғимараттардың орнына 24 жаңа мектептің құрылысы басталды.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 731 жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді. 2003 жылы Интеретке мектептердің 23% қосылды, 2010 жылы бұл көрсеткіш 99% құрады. Оқушыларға арналған оқу мекемелері компьютермен толық жабдықталған және Интернетке қосылған, пәндік кабинеттермен жарақтандырылған. Инновациялық бағдарламалар есебінен білім сапасы да жақсарды.

Облыста жаңа мектептер жұмыс істейді. ШҚО-да 23 жаңа лицей және гимназия бар, оның 8-і ауылдық жерлерде орналасқан. Өңірде элитарлық білім берудің 12 мамандандырылған мектебі жұмыс істейді, соның ішінде 2 қазақ-түрік лицейі, «Жас Ұлан» лицейі бар. 1999 жылы республикада тұңғыш рет дарынды балалармен жұмыс істейтін «Дарын» өңірлік орталығы ашылды.

Облыстың жалпы білім беру мектептерінде 21138 педагог жұмыс істейді, соның ішінде жоғары білімділер саны 18129 (85,8%), орта кәсіптік білімділер саны 2933 (13,9%), жоғары және бірінші санатты мұғалімдер 47,9% құрайды.

Республикада алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысының Семей және Өскемен қалаларында бірден екі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жұмысын бастады. Өскемендегі химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп 2010 жылы жұмысын бастады. Мектеп 720 орынды, онда 85 кабинет бар, оның 58-і мультимедиялық кабинеттер. Семейде физика-математика бағытындағы зияткерлік мектеп жұмыс істейді. Биыл 57 түлектің 45-і (79%) грантпен оқуға түсті.

Қазақстанның индустриялық дамуының алдына қойылған міндеттер мамандарға сұраныстың бар екенін көрсетті, соған байланысты кәсіптік-техникалық лицейлер мен колледжер ашылуда. 1997 жылы өңірде 54 ТжКБ мекемелері іске кірісті, 2010 жылы олардың саны 99 мекемеге жетті.

Мектепке дейінгі білім беру де алға жылжыды. ШҚО-да мектепке дейінгі ұйымдар желісі 137 (2007 жылы -85, 2009 жылы -115) құрады. Ғимараттарды қайтару және мектептер жанынан шағын орталықтар ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 81% құрады және 4,5 есе артты. 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындығымен қамту 100% құрады. 1998-2010 жылдары ШҚО-да 4 мектепке дейінгі тәрбие нысаны салынды.

Толық мәліметті www.pm.kz сайтынан көріңіздер.

Соңғы жаңалықтар