К.Мәсімов жапон тарапымен жасалған барлық келісімдердің жүзеге асатынына сенім білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесу өткізді.
None
None

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

К.Мәсімов қонақжай қазақ жеріне келген С.Абэні қошеметтеп, оның сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық серіктестестік ретінде одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«Бүгін Сіз еліміздің Президентімен нәтижелі келіссөздер жүргіздіңіз. Елдеріміздің Үкіметтері қол жеткізілген келісімдердің барлығын орындайтынына сенімдімін», - деді К.Мәсімов.

Өз кезегінде С.Абэ Астанаға Қазақстан-Жапония бизнес-форумына қатысуға Жапонияның аса ірі компанияларының басшылары келгендігін атап өтті. «Аталған іс-шара аясында нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын», - деп баса айтты ол.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшыларының қатысуымен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар