Қ. Мұхамедханов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесімен қиылысу аумағында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Қ. Мұхамедханов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

— Қала тұрғындары мен қонақтарына Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесімен қиылысу аумағында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты 26 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, — делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

— Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі 29 тамызға дейін жабылатынын жаздық.