Қ.Саудабаев және М.Шпинделлегер Қазақстан-Австрия қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқыға салды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Австрия Республикасының еуропалық және халықаралық істер жөніндегі Федералдық Министрі Михаэль Шпинделлегермен телефон арқылы сөйлесті,
None
None

деп хабарлады ҚР СІМ Баспасөз қызметі.

М.Шпинделеггер ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының басты нәтижелері - Ұйымның Саммитін Астанада өткізуі мен жоғары деңгейдегі кездесу қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияны ерекше атай отырып, Қазақстанның жемісті төрағалығына жоғары баға берді.

Қазақстан-Австрия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму болашағын қарастыра отырып, тараптар өткен жылдың желтоқсан айында Астанада орын алған Президент Н. Назарбаев пен Президент Х. Фишердің келіссөздері екі елдің арасындағы қатынастардың барлық кешеніне қуатты күш берді. Әңгімелесуші тараптар ынтымақтастық әлеуеті толықтай қолданылуы қажет екенін атай отырып, әріптестікті одан ары дамыта беруге ниеттерін білдірді. Осы орайда мекемеаралық ықпалдастықты белсендендіре түсу қажеттілігін сөз етті. Бұл тұрғыда тараптар Австрияның еуропалық және халықаралық істер жөніндегі Федералды Министрі М. Шпинделеггердің Қазақстанға ресми іс-сапарын мамыр айында өткізуге келісті.

Соңғы жаңалықтар