Қ. Сенғазыев Астана қаласы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Білім басқармасының басшылығы қызметіне Қасымхан Сенғазыев тағайындалды.
None
None

Қасымхан Сенғазыұлы 1981 жылы 21 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетін («бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша), 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университетін («менеджмент» мамандығы бойынша) тәмамдады. 

09.01.2002 - 25.01.2005 аралығында Алматы қаласының және Алматы облысының мектептерінде мұғалім болып еңбек етті;

14.02.2005 - 31.10.2008 аралығында Алматы қаласының жеке құрылымдарында қызмет етті;

с 01.11.2008 - 20.04.2011 - Астана қ. Білім басқармасы №21 орта мектептің директоры;

20.04.2011 - 12.07.2013 - Астана қ. Білім басқармасы №49 орта мектептің директоры;

12.07.2013 - 04.01.2016 - Астана қ. Білім басқармасы басшысының орынбасары;

05.01.2016- Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары.

02.06.2016 ж. бастап - Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

2013 жылдан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін Астана қаласы Білім басқармасы басшысы қызметін Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы атқарды. Бүгінде ол ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды.

«Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында білім беру ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган.

Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім беру қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, қоғамның білімге және мемлекеттің білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар