К.Станиславскийге Қазақстанда ескерткіштің ашылуы - бұл жүректерді біріктіретін мереке - Ресейдің халық әртісі Е.Стеблов

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Атақты орыс режиссері Константин Сергеевич Станиславскийге Қазақстанда ескерткіштің ашылуы - бұл жүректерді біріктіретін мереке.
None
None

Құрметті қонақ, Ресейдің халық әртісі, РФ Театр қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары Евгений Стеблов бүгін Қарағандыда болған оқиғаға осылайша сипаттама берді.

«Бұл ғажап оқиға және оның әлемдік мәні бар. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен бағдарламаның арқасында бүкіл әлемнің театрларын біріктіретін адамға ескерткіш орнаттыңыздар, - деп мәлімдеді Е.Стеблов. - Станиславскийге Ресейде әлі ескерткіш орнатылған жоқ. Ол қаңтардың 29-ында Чеховтың туған жері Таганрогта ашылмақшы», - деп хабарлады ол.

Бұған дейін хабарланғанындай, бүгін Қарағандыда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарниковтің және Ресейден келген қонақтардың қатысуымен К.Станиславскийге ескерткіш ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар