Қ.Сұлтанов бастаған Сенат депутаттары Жаңа демократия институты Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының басшыларымен кездесті

СТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін комитет басшысы Қуаныш Сұлтанов бастаған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Жаңа демократия институты Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының басшыларымен кездесті,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қ.Сұлтанов Орталықтың қызметін жоғары бағалай келіп, Ұйым кеңістігіндегі өзекті мәселелерді шешудегі бірлескен жұмыстардағы өзара іс-қимылды күшейту жайында айтты.

«Біз қазіргі ынтымақтастықты қолдаймыз, талдау Орталығының тәжірибесі мен білімі Қазақстан үшін, әсіресе ЕҚЫҰ-на Қазақстанның төрағалық етуі кезеңінде зор ықылас туғызады»,-деді сенатор.

Кездесуде Қазақстанның төрағалық етуі барысында Ұйымның беделін нығайта түсумен қатар оның одан әрі дамуына серпін беретін негізгі басымдықтарды жүзеге асыру және ілгерілету мәселелері талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Осыған байланысты ЕҚЫҰ саммитін өткізу идеясына ерекше назар аударылды, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы жобасының басшысы Я.Бугайскийдің айтуынша «ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен жылдағы Қазақстанның барлық жұмыстарын паш етуі тиіс».

Саммиттің мазмұны жайында айта келіп тараптар жоғарғы деңгейдегі кездесулердің ықтимал күн тәртібінің негізгі мәселелері жайында өз ойларын ортаға салды. Сарапшылардың пікірінше, алдағы талқылаулар ЕҚЫҰ-на қатысушылардың мүдделеріне сәйкес ұйымның іс-қимылын өрістету үшін негіз қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Бұл тұрғыда халықаралық қоғамдастыққа Қазақстаннан жолданған ақпараттар қазіргі төрағалықтың мұрасы іспетті, Ұйымға қатысушы елдердің өзара іс-қимылына жаңа тыныс берудің жақсы мүмкіндігі ретінде қабылдануы тиіс.

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, терроризм мен экстремизммен күрестегі, құрлықаралық дәліздерді дамытудағы, толеранттық пен ұлтаралық келісімді ілгерілетудегі стратегиялық міндеттерді шешуде Еуразиялық кеңістіктің елеулі бөлігі ретінде Қазақстан күш-жігерді біріктіруді жақтайды.

Кездесу барысында сарапшылар Орталығының басшылары еліміздің және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықтағы жоғары беделін атап өте келіп, Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікті қамтитын Ұйым төрағасы ретіндегі Қазақстанның миссиясы табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар