Қ. Тоқаев Әлемдік діндер V Съезіне дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді

Бұл туралы ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Діни форум 2015 жылы 10-11 маусымда Астанада өтеді және діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуына арналады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне әлемнің 42 елінен 80 делегация қатысатын болды.
V Съездің аясында екі жалпы және төрт секциялық отырыс болады. Діни форумдағы пікірсайыс тақырыптары: діни және саяси қайраткерлердің адамзат алдындағы жауапкершілігі; діннің жастарға әсері; дін мен саяси өзара іс-қимылдың жаңа көріністері мен келешегі; бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесім жолында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өзара құрмет және түсіністігі секілді өзекті тақырыптар болады.
Қ.Тоқаев Мемлекеттік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берді. Сенат Төрағасы шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.