Қ.Тоқаев Мемлекет басшысына Сенат жұмысының 2014 жылғы қорытындылары туралы баяндады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Мемлекет басшысына Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметі мен Сенат жұмысының 2014 жылғы қорытындылары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қажетті заңдарды дер кезінде қабылдаудың маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.

Сенат төрағасы Парламенттің жоғарғы палатасы биыл 100-ге жуық заң қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар