Қ.Жаңабергенов аяғы ауыр келіншектің жолдасын әскерден кері шақыртуға көмектеспек

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Астана қалалық филиалында халықты құқықтық мәселелер бойынша қабылдау шарасы өтті.
None
None

«Әділет жүйесі кеңес береді!» республикалық акциясы аясында өткен іс-шараның негізгі мақсаты - халықтық құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтардың жеке мәселелерін шешу. Осыған орай бүгін Астана қаласының Әділет департаментінің мамандары, адвокаттар мен нотариустар елорда тұрғындарын қабылдап, сан алуан құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес берді. «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Жаңабергеновтің айтуынша, азаматтардың барлық арыз-өтініштері қаралып қана қоймай, ол бойынша тиісті жұмыстар да атқарылатын болады. «Біз барлық азаматтардың мәселелері бойынша кәсіби кеңес беретін боламыз. Олай болмаса, жеке-дара арыз түрінде қабылдап, тиісті мекемелермен бірге орындауға тырысамыз», - деді Қ.Жаңабергенов.

Қоғамдық қабылдау барысында мамандардан кеңес сұраған азаматтардың бірі - Индира Абылаева. Бір бума арыздардың ішінен оның өтінішін Қ.Жаңабергеновтың өзі таңдап алған екен. Тұрмысқа шыққан оның жолдасын әскерге алып кеткен. И.Абылаеваның өзі бүгінде екіқабат. Келесі айда ол босанады. «Жолдасымның әскерге кеткеніне жарты жыл болды. Менің аяғым ауыр, қалада жалғыз өзім тұрамын. Ертең балам туғаннан кейін, жағдайымыз қиындап кете ме деп қорқамын. Сондықтан жолдасымды әскерден кері шақыртып алса екен деймін. Әскери комиссариатқа та бардым. Бірақ ол жақта менің өтінішімді қабылдамай қойды», - дейді арыз беруші. Қоғамдық қабылдауда И.Абылаеваның мәселесі бойынша бірде-бір маман тұщымды кеңес бере алмады. Бірақ «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жаңабергенов И.Абылаеваны жеке қабылдап, әскери комиссариатпен бірге оның мәселесін қарастыруға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар