Қ.Жаңбыршин Есеп комитеті жұмысындағы проблемаларды атады

«Сіз Есеп комитетінің төрағасы жұмысын атқарып жргеніңізге біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде Сіздің байқауыңызша мекемеңізде қандай проблемалар бар деп ойлайсыз? Егер проблемалар болса, оларды шешудің қандай жолдары бар?» - деп сұраған еді сенатор Марат Тағымов комитет басшысынан.
Өз кезегінде Қ.Жаңбыршин Есеп комитеті аппаратының жұмысына байланысты проблемалар бар екендігін атап өтіп, ведомствоның құрылымына оңтайландыру жүргізу керектігін баса айтты.
«Оны жүргіздік және аппараттың жұмысының тиімділігін жоғары деңгейге көтеру керек. Ревизорлар тексеру өткізгенде нәтижесінің сапасын көтеру керек. Екінші жағынан, жүйелі мәселелер тек қана Есеп комитетінің жұмысына байланысты емес, бүкіл қаржы жүйесіне байланысты. Біріншіден, бюджетті жоспарлағанда бюджетті жоспарлау органдарының заңнамалалық үрдістерді дұрыстап жазып, бюджетті игеру нәтижесінің қорытындысын қарағанда, бақылауға алғанда кемшіліктерге жол берген азаматтардың жауапкершілігін заң бойынша бекітілуі керек. Екіншіден, терминология бойынша бір жаққа шығу керек. Терминдердің барлығын бекітіп алуымыз керек. Себебі, бірнеше термин бар, оны кім қалай түсінеді солай айтады. Ал республикалық қаражат болған соң халықтың қаражаты болған соң қатаң бақылау болғаны жөн. Жұмыстың өзідік проблемалары бар, оның барлығын шешуге тырысамыз», - деді Қ.Жаңбыршин.