Кабананганың «Вильярреал» қақпасына соққан голы үздік бестікке енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футбол клубының шабуылшысы Жуниор Кабананганың голын осы аптадағы үздік голдар сапына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кабананганың «Вильярреал» қақпасына соққан голы үздік бестікке енді

Еске салсақ, 23 қарашада УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 5-туры аясында «Астана» Испанияның «Вильярреал» клубына есе жіберді .
Бір қуантарлығы осы матчтағы елордалық футболшы Жуниор Кабананаганың голы УЕФА тұжырымы бойынша аптадағы ең үздік 5 голдың қатарына енді. Шабуылшының голын белгілі шетелдік БАҚ-та атап өтті.

«Кабананга бесінші турдың алғашқы және үздік голдарының бірін соқты. Ол алыстан дәл соққы жасап, есепті 1:0 қылды. Одан әдемі гол көрсеңіз, жолыңыздың болғаны!» - деп жазды Talkingbaws.com сайты.

Айта кетейік, «Астананың» плей-офф кезеңіне шығу мәселесі шешуші турда белгілі болады. Әзірге ел чемпионының еншісінде 7 ұпай бар.