Қабанға мінгесіп қашқан маймылдар туралы бейнежазба YouТube-та топ жарды - ВИДЕО

Мешіндер жейтін азық іздеп жүріп, жақын маңдағы жергілікті тайпаның тұрғылықты мекеніне байқамай барып қалса керек. Әйтпесе, бір топ аборигеннің ол маймылдарды қууына еш себеп жоқ. Жергілікті аңшылар қуа жөнелгенде маймылдар жақын маңда жүрген қабанға отырып алып, тымтырақай қашады. Ең қызығы, жүгіріп бара жатып қабаннан құлап қалса да, секіріп қайта мініп шаба жөнеледі. Осы кезде әлгі маймыл ат құлағында ойнайтын шабандозды еске түсіреді.
Бейне жазбаны түсірген және YouТube желісіне салған автордың есімі белгісіз. Тек,оның авторы «Ұстатпайтын кекшілдер» (Неуловимые мстители) фильмінің саундтрегін қосып, жазбаны комедия жанрында әрлеп қойған. Аталған видеоны салғаннан бер бір апта ғана өтсе де, оны 945 615 адам көріпті.
Жұлдызға айналған маймылдарға қатысты желінің қолданушыларының пікірі әртүрлі. Біреулер оларды ақылды хайуан десе, енді бірі циркте үйретілген деп отыр.