17:20, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Кәбілдік ТВ абоненттері шетелдік арналарсыз қалуы мүмкін
МӘСКЕУ. Ақпванның 9-ы. ҚазАқпарат – Ресейлік кәбілдік желілердің абоненттері шетелдік спутниктік телеарналардан айырылуы мүмкін.

Бұл рубльдің девальвацияға ұшырауына байланысты базалық топтама бағаларының едәуір көтерілуімен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Атап айтқанда, «Аккадо» компаниялар тобы Discovery-дің кейбір арналарынан бас тартатынын жариялады. Оның басшылары батыстық арналардың жеткізіушілерімен лиценциялық алымдарды азайту жөнінде уағдаласуға тырысуда. Бұлай болмаған күнде бірқатар бағдарламалардан бас тартады немесе абоненттер үшін бағаны көбейтеді.Ресейлік ақылы теледидар операторлары жаңа келісімшарттар жасасып жатқан жоқ, бұрынғы қолданыстағы шарттарға түзету енгізуді көздейді, онда қаржы нарығындағы соңғы өзгерістер ескерілуі тиіс.