Кабул әуежайы маңында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабул қаласы әуежайының авиациялық дирекциясының қасында жойқын жарылыс болды.
None
None

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, жарылыстың себебі де анықталмаған.

Оқиға куәгері әуежай кіреберісіне жақын жерде жанкешті өз-өзін жарып жібергенін айтты, деп хабарлайды Би-би-си тілшісі Дэвид Лойн.

10 мамырда Ауғанстан астанасында жанкешті бас прокуратура қызметкерлерін жұмыстан алып келе жатқан автобусты жарып жіберді. Ол автобустың қасына жақындап, белдігіне салынған жарылғыш затты іске қосқан. Кабулдағы жарылысты «Талибан» лаңкестері ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар