03:04, 12 Қазан 2016 | GMT +5
Кабулдағы мешітке жасалған шабуыл кезінде 14 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Террористер мешітке жиналғандарға қарсы оқ атты. Сондай-ақ олардың бірі жанкештінің белбеуін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстан астанасындағы шейіттердің мешітіне жасалған шабуыл кезінде 14 адам мерт болып, 30-дан астам адам жарақат алды.
Полиция формасын киіп алып, мұздай қаруланған үш адам имам Әли мешітіне басып кіріп, ондағы жамағатқа оқ ата бастаған. Шабуылдаушылардың бірі аздаған уақыттан соң жарылғыш зат салынған белбеуін жарып жіберді.
Khaama Press агенттігінің мәлімдеуінше, шабуылдаушылардың бірін арнайы қызмет өкілдері атып тастады. Екіншісі ізін жасырып үлгерді.
Ауғанстан аймағындағы бірде бір террористік ұйым осы әрекетті мойындарына алмады.