Қабыршақты күкірт өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі зауыт Атырау облысында

Зауыт Теңіз кен орнының базасында өндірілген мұнайды тазалау кезінде алынған күкіртті өңдеу негізінде жұмыс істейді. Батыстың ең озық технологиялары қолданылатын кәсіпорын қабыршақты күкірт шығаруға бағытталған. Бұл өнімнің тәулігіне шығарылатын көлемі 1200 тоннаға жуық. Барлық қабыршақты күкірт экспортқа жөнелтіледі.
«Біздің зауытта шығарылатын қабыршақты күкірт әлемдік нарықта жақсы танылды. Бұл бізді кәсіпорындағы өндірісті тоқтатпай, қуаттылығын арттырып, әлемдегі ең озық технологияларды енгізуге ынталандыра түсті. Нәтижесінде зауыттың қуаттылығы жылына 400 мың метр тонна күкірт өндіретіндей жағдайға жетті», - деп хабарлады «Каспиан Салфа Компании» ЖШС өндіріс басшысы Мерғасым Дәулетұлы.
«Атырау зауыты - қабыршақты күкірт өндірісінің көлемі бойынша әлемдегі ең ірі зауыт. Оның кадрлық құрылымы да өңірдегі өзге зауыттарға қарағанда өзгеше. Бүгінде онда 121 адам жұмыс істейді. Бұл жердегі технологиялардың бәрі батыстан болса да, штатта 1 шетелдік азамат қана бар. Қалғандары Атырау облысының, соның ішінде көбіне-көп Жылыой ауданының тұрғындары», - деді «Каспиан Салфа Компании» ЖШС атқарушы директоры Дүйсенбей Елсейітов.