«KADEX-2016» көрмесінде корабльдерді жеткізіп беру туралы меморандумға қол қойылды (ФОТО)

Бүгін, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың қатысуымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері үшін «Abeking&Rasmussen» неміс компаниясының зымыран-артиллериялық кораблін жеткізіп беру туралы меморандумға қол қойылды.
«Әскери-теңіз күштері соққы корабльге қарсы зымыран кешені бар заманауи зымыран корабльдерінің мониторингін жүргізеді. Оның барысында неміс компанияларының бірі аумағымызда аталмыш корабльдердің өндірілуін ұйымдастыруға ниет танытты. Бұл мәселелер бойынша корабльдердің техникалық ерекшелігі мен корабльдің белгілі бір бейнесі келісілді. Бүгінде осы көрме барысында біз ниет хаттамасына қол қойып жатырмыз. Және де компанияда аталған жоба бойынша әрі қарай пысықтауға арналған негіз болады», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбеков Жанзақов.
Неміс компаниясы Қазақстанмен әрі қарай ынтымақтастық жасауға мүдделі және аумағымызда ірі кеме құрастыру кәсіпорнын құруға ниет білдірді.