Қадыр ақынның туған күніне орай Оралда күні бойы шаралар өтеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 қаңтар - қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің туған күні.
None
None

Осыған орай Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Қазыналы Қадыр әлемі» атты ашық есік күні ұйымдастырылып отыр.

Орталық директоры, белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымовтың айтуынша, 11.00-ден кешкі 22.00-ге дейін созылатын шаралар алдымен ақын ескерткіші жанында «Сұлу сөздің сәйгүлігі» атты Қадыр оқуларымен басталады. Содан кейін ақынның мемориалдық музейінде үзеңгілес жолдастары мен іні-қарындастары Қадыр туралы естеліктерімен бөліседі. «Қара сөздің құлагері» атты тәрбие сағаты, Қадыр кітаптарынан көрме, «Балаларға базарлық» атты кітаптың таныстырылымы, «Сәбилер сәлемі» атты әдеби-музыкалы кеш, «Қазыналы Қадыр әлемі» атты мерекелік қорытынды концерт кешкісін музей түніне ұласады.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына орай Орал қаласы мен туған жері Жымпиты ауылында ақынның қос бірдей ескерткіші, облыс орталығында мәдениет және өнер орталығы ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар