Қағазбен есеп жүргізгенді қою керек — Олжас Бектенов
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ауыл шаруашылығындағы деректер базасы ескі тәсілмен жұмыс істейтінін сынады.

— Ауыл шаруашылығының бірыңғай есепке алу жүйесіндегі және жануарларды сәйкестендірудің ақпараттық жүйесіндегі деректер ескірген. Кейбір рәсімдер әлі күнге дейін қағаз форматта жүзеге асырылады.
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму министрліктері жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына қатысты барлық процесті 100 пайыз цифрландыру қажет, — деді ол.
Сондай-ақ, ол үздіксіз қадағалап отыру жүйесін енгізіп, деректер базаларының бәрін бірыңғай цифрлық платформаға интеграциялауды тапсырды.
Айта кетейік, өткен айда ауыл шаруашылығы санағының үйлерді аралау (листинг) кезеңі аяқталғанын жазған едік.