16:54, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Каир-Алматы-Каир бағытында әуе қатынасы ашылады
АЛМАТЫ. Ақпанның 16-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Осы аптада Қазақстан мен Мысыр елі арасында әуе қатынасы ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы Египет елшілігіне сілтеме жасап.Әуе қатынасы екі ел президенттері арасындағы уағдаластыққа сәйкес аптасына бір рет Каир-Алматы-Каир бағытында іске асырылатын болады. Аталған бағыт бойынша Каирден ұшып шыққан алғашқы ұшақ ақпанның 19-ы күні 07.15-те Алматы әуежайына келіп қонады.