Каирде АӨІСШК құрылғанына 20 жыл толуына орай «дөңгелек үстел» өткізілді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 9 қазанда Қазақстанның Египеттегі Елшілігі Сыртқы істер жөніндегі египеттік кеңеспен бірлесе отырып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨІСШК) құрылғанына 20 жыл толуына арналған «дөңгелек үстел» өткізді.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш кеңес Египеттің көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлерінен, ірі бизнесмендерден және журналистерден тұрады.

Шараға ЕАР Сыртқы істер министрлігінің, Каирде тіркелген дипломаттық корпустың өкілдері, жергілікті БАҚ журналистері және т.б. қатысты.

 Бұрын ЕАР Сыртқы істер министрінің орынбасары, бірқатар мемлекеттерде Елші лауазымдарында қызмет атқарған аталған кеңестің мүшесі Рауф Адли Саад «дөңгелек үстелдің» модераторы болды. Ол үстіміздегі жылы Астанада өткен «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес - Азиядағы қауіпсіздік құрылымы идеясынан оны құруға дейін» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан болатын.

Шара барысында Қазақстанның Египеттегі Елшісі Б.Арын мен Кеңестің төрағасы, ЕАР-дың БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі доктор М.Шакер баяндама жасап, қатысушылар АӨІСШК-тің халықаралық саясаттағы орны мен рөлі, Кеңес үдерісінің даму перспективалары бойынша пікір алмасты.

Елші Б.Арын Кеңесті құру бастамасының алғаш рет 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ мінберінен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жария еткендігін атай отырып, қатысушыларды АӨІСШК-тің басты даму кезеңдерімен таныстырды. Ол биылғы қыркүйек айында Астанада өткен Кеңестің мерейтойлық сессиясы мен оған мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері 4-сессиясының қорытындылары бойынша ақпарат берді. Қазақстандық дипломат АӨІСШК-тің бүгінгі таңда конференциялық дипломатияның жалпықұрылқтық диалогтық «алаңы» ретінде жасақталғанын және Азиядағы қауіпсіздік жүйесінің біртіндеп қалыптасуда екенін баса айта отырып, Кеңестің жинаған салиқалы тәжірибесі мен әлемге кеңінен танымал болуы оны Ұйымға айналдыруға қажетті барлық алғышарттардың бар екенін көрсететінін мәлім етті.

Кеңестің төрағасы д-р М.Шакер өз баяндамасында Қазақстанның тек Азия құрлығында емес, сондай-ақ бүкіл әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосып отырған үлесін атап өтті. Оған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Семейде орналасқан ядролық полигонды жабу мен әлемдегі төртінші ядролық арсеналды жою жөніндегі дана шешімі куә болатынын айтты.

Қатысушылар Қазақстан басшысының бұл бастамасының Азия құрлығында сенім ахуалын құрудағы маңызды рөлін атай отырып, Кеңестің алдағы уақыттағы дамуына байланысты бірқатар ой-пікірлерімен бөлісті және ұсыныстарын ортаға салды.

 

Соңғы жаңалықтар