Каирде Қазақстан-Мысыр іскерлік кеңесінің үшінші отырысы болып өтті

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Каирде мамырдың 3-інде Қазақстан-Мысыр іскерлік кеңесінің үшінші отырысы болып өтті.
None
None
Оған қазақстандық тараптан - Сауда-өнеркәсіптік палатасы төрағасының орынбасары Ғафур Ықсанның басшылығымен 10 компанияның өкілдері, мысырлық тараптан - түрлі бейіндегі 12 ірі компанияның басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында қатысушылар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйі мен келешегін, атап айтқанда фармацевтика, құрылыс, мұнай-газ өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Отырыстың ашылуында Мысырдың сауда және өнеркәсіп министрі Рашид Мұхаммед Рашид, ҚР Елшісі Бақтияр Тасымов, ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы төрағасының орынбасары Ғафур Ықсан және Қазақстан-Мысыр іскерлік кеңесінің мысырлық бөлігіндегі тең төрағасы Абдель Фадыл сөз сөйледі.Өзара тиімді әріптестікті жолға қоюға деген іскер ортаның артып отырған қызығушылығын назарға ала отырып, қатысушылар келесі отырысты Мысырдың туризм министрі Зухейр Гаранның қатысуымен ағымдағы жылғы маусым айында Алматы қаласында өткізуге уағдаласты. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан-Мысыр іскерлік кеңесінің мысырлық бөлігіндегі тең төрағасы Абдель Фадыл және қазақстандық делегацияның басшысы Ғ.Ықсан үшінші отырыстың хаттамасына қол қойды.
Соңғы жаңалықтар