Қала күні: Көктөбенің аспалы жолы алматылықтарға тегін болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін Алматы тұрғындары мен қонақтарына қала күні мерекесіне орай ерекше сый жасалды. 

Көктөбе
Фото: Алматы әкімдігі

Сағат 16:00-ден бастап «Көктөбеге» көтерілетін аспалы жол тегін болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының тау басына көтеріліп, музыкалық кештің куәсі болуға жол ашады. 

Ал сағат 18:00-де «Көктөбе» саябағының сахнасында классикалық музыкаға арналған халықаралық фестиваль – «Көктөбе опера – 2025» шымылдығын түрмек. Алматылықтар Зарина Алтынбаева, Расул Жармағамбетов, Жәмила Баспанова, Балуан Беркенов, Оксана Давыденко, Нұржан Бәжекенов, Венера Алпысбаева және Марина Алтухова сынды белгілі опера шеберлері өнер көрсетеді.

– «Салтанат» би ансамблінің әсерлі қойылымдары, Il canto квартеті мен дирижёр Алексей Беляков басқарған симфониялық оркестрдің өнері кештің көркін кіргізеді. Фестивальдің арнайы қонақтары испандық тенор Энрике Феррер және жапон балеринасы Ариса Хасимото, - деп хабарлады әкімдіктен.

Концертке кіру тегін. 

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Қала күнін қалай атап өтетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар