Қала күнінде 108 павлодарлық қоныс тойын тойлады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың туған күнінде 108 қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Қала басшысы Болат Бақауов оларды қос қуаныштарымен құттықтады.

«Тұрғын үй «Аймақтарды дамыту- 2020» бағдарламасы бойынша салынды. 9 қабатты нысанның құрылысына 661 млн. теңге жаратылды»,- деп атап өтті құрылыс бөлімінің жетекшісі Рүстем Раисов. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» 54 салымшысы пәтер алды, қалған 54-і арендалық пәтерге кезекке тұрғызылды.

Сондай-ақ 1 мамыр көшесіндегі 40-ыншы үйдің ауласында демеушілердің көмегімен шағын футболға лайықталған жасанды газоны бар спорт алаңы тұрғызылды.Мұнымен қатар Усолкада жаңа үш шақырымдық шаңғыроллерлік трасса ашылды.

Соңғы жаңалықтар