Калачи ауылынан Есіл аудандық ауруханасына ер адамның мәйіті жеткізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Калачи ауылындағы жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Бұл туралы Есіл аудандық ауруханасына сілтеме жасап, облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
None
None

Есіл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің мәліметі бойынша өткен жылдың 20-шы желтоқсанынан бастап, дәрігер көмегіне барлығы 59 адам (оның ішінде 8-і бала) жүгінген. Оның ішінде "ұйқы ауруы" дертінің ауырлығына байланысты 18 науқас Красногорск дәрігерлік амбулаториясының күндізгі станционарында айығып шықса, қалған 41 науқас Есіл аудандық ауруханасында ем-шипа алған.

Калачиден «белгісіз генезді энцефалопатия» диагнозымен Есіл аудандық ауруханасының түскендердің арасында 6 ересек адам Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына және 1 бала Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тереңірек медициналық тексеруден өтуі үшін жіберілді.

Науқастардың барлығы дерлік ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда сауығып шықты. Ал, "ұйқы ауруына" шалдықты деген Красногорск селолық округінің әкімі Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына жатқызылды. Қазіргі кезде оның диагнозын анықтау үшін медициналық тексеру шаралары қолға алынған.

Ал, қаңтардың 15- і күні Есіл аудандық ауруханасының мәйітханасына Калачи тұрғынының денесі жеткізілген болатын. Алайда, соттық медициналық сараптама барысында дәрігерлер оның алкогольден уланғанын анықтады.

Қазіргі кезде Красногорск дәрігерлік амбулаториясы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Аты шулы "ұйқы ауруымен" қатар, диспансерлік есепте тұрған және тұмау тиіп аурып қалған науқастарға да медициналық көмек көрсетеді. Қазір мұндағы жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында дейді аудандық аурухана дәрігерлері.

Соңғы жаңалықтар