Калачи ауылындағы жағдай қалыпты деңгейде - ДСМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 12-17 наурыз аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысының Есіл ауданы Калачи ауылының тұрғындарындағы белгісіз аурудың себебін анықтау мақсатында жұмыс тобын құрып, аталмыш ауылға жіберген еді, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.
None
None

Жұмыс тобы Калачи ауылының әлеуметтік-экономикалық және табиғи-климаттық сипаттамасын анықтап, экологиялық зерттеудің нәтижелерін талдады. Сондай-ақ 2013 жылдан бері Есіл аудандық орталық ауруханасында тұрақты емделіп жүрген Калачи ауылы тұрғындарының медициналық құжаттарын тексерді және Калачи мен Красногорский ауылының тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айынан бастап энцефалопатияның пайда болу себебін анықтайтын 7 мыңға жуық зерттеулер жүргізілген. Қазіргі таңда инфекциялық және бактериялық факторлардың барлығы жойылды. Ауыл аймағындағы гамма-фон мөлшері қалыпты. Тұз бен ауыр металдардың РШК-нен жоғарылауы байқалмады.

Айтылған жайттарды ескере отырып, мұнан кейінгі сектораралық мәселелерді зерттеу үшін жұмыс тобына мемлекеттік мекемелердің қатарынан министрдің орынбасарлары қосылды. Оларға қосымша аспаптық әдістерді қолданумен кешенді экологиялық зерттеулер жүргізу туралы тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар