Қаладан ауылға: БҚО-да жас дәрігерлерге жаңа баспана берілді

ОРАЛ. KAZINFORM — Казталов ауданының Жалпақтал ауылында «Қаладан — ауылға» бағдарламасы аясында қаладан көшіп келген медицина саласы мамандарына тұрғын үй кілттері табыс етілді.

Қаладан ауылға: БҚО-да жас дәрігерлерге жаңа баспана берілді
Фото: Қазталов ауданы әкімдігінен

с-шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың атап өткеніндей, Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысында өңірде жұмыстар атқарылып жатыр.

Қаладан - ауылға
Фото: Қазталов ауданы әкімдігінен

— Өткен жылы облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен «Қаладан — ауылға» жобасы іске қосылған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қалада тұратын ауыл азаматтарын қайта оралту арқылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, кадр тапшылығы мәселесін шешу. Аталған жоба аясында өткен жылы облыс бойынша 42 тұрғын үй берілсе, биылғы жылдың басынан бері 16 баспана сатып алынды. Бұл — ауылдағы инфрақұрылымды дамыту мен сапалы адам ресурстарын тартудағы жүйелі қадамдардың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, — деді Т.Каюпов.

Жалпақталда баспаналы болғандар арасында Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медицина университетін тәмамдаған осы ауылдың тумасы, жалпы тәжірибелі дәрігер Асылзада Құмар, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласынан келген реаниматолог-анестезиолог Асылхан Шакизадаев бар. Сондай-ақ тараздық акушер-гинеколог Мөлдір Ибрагимова, Қостанай облысы, Денисов ауданынан келген жалпы тәжірибелі дәрігер Ерболат Босынбековке жаңа тұрғын үй берілді.

үй
Фото: Казталов ауданы әкімдігінен

Жалпы, өткен жылы Казталов ауданына аталған бағдарлама аясында 19 отбасы, яғни 106 адам көшіп келген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы жүзеге асырылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар