Қалалардағы жылу беру жүйесі алдағы қысқа дайын ба
АСТАНА. KAZINFORM - Алдағы қыс мерзімінде еліміздің аумағындағы жылу беру жүйесінде проблема болмауы тиіс. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті.
- Ел аумағында қалалардағы жылу беру орталықтарында проблема болмайды деп ойлаймыз. Бұл ретте, дайындықтарымыз айтарлықтай жақсы деңгейде. Кейінгі үш жылда осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Қомақты қаражат та бөлінді. Жылу-электр орталықтарын жөндеу жұмыстарының сапасы да артты, - деді С. Есімханов елордада коммуналдық секторларды жаңғырту тақырыбындағы форумда тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол үш жыл бұрын Екібастұзда және Риддерде проблема болғанын еске салды.
- Бұл қалалардағы тозығы жеткен инфрақұрылымды ауыстыруға ерекше екпін қойылған. Атап айтқанда, биыл жылу беру маусымы уақыты басталады деп сенеміз, яғни барлық мәселе орнымен шешіліп жатыр, - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бес және одан да ұзақ мерзімдегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін 13 трлн теңге қажет екенін айтты.