09:35, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қалалық аурухананың инфекциялық бөлімінде «құтыру» диагнозынан 8 жасар бала шетінеді - Шымкент
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Шымкентте қалалық аурухананың инфекциялық бөлімінде «құтыру» диагнозынан 8 жасар бала шетінеді,

деп хабарлады сәрсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, кеше, желтоқсанның 29-ы күні сағат 18.27-де облыстың мемлекеттің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен, «құтыру» алдын-ала диагнозымен желтоқсанның 22-сінде инфекциялық бөлімге түскен 8 жасар баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Дәрігерлердің облыстық консилиумы балаға «құтыру» диагнозын қойған болатын. Онымен қарым-қатынаста болған 6 адам медициналық бақылауға алынды, деп нақтылады ведомстводан.