Қалалық демалыс саябағында «Есірткісіз болашақ» атты байқау өтті - Қызылорда

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша облыстық жастар орталығы қауымдастығы ұйымдастырған шараның мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт және шығармашылық жағынан талантты жастарды кеңінен насихаттау. Сондай-ақ оларды патриоттыққа, отансүйгіштікке шақыра отырып, келер ұрпақ пен ертеңгі күнге із қалдыру.
Бүгінгі таңда нашақорлық - қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі екені белгілі. Есірткі бизнесіне қарсы еліміздің көптеген әлеуетті органдары белсенді күрес жүргізуіне қарамастан Қазақстанда есірткіге тәуелділердің қатары, әсіресе, жастар арасында күн өткен сайын артып отырғаны жасырын емес.
Акция барысында «Бірлігіміз жарасқан!» науқанының имидждік өнімдерін киген жастар ұйымдарының мүшелері қатысушыларға ақпараттық үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар спорттық би, көңілділер мен тапқыштар клубының қойылымдары, көрермендер арасында интеллектуалды сайыс, қол күрес, кір тасын көтеру жарыстары ұйымдастырылды.
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді.