19:16, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қалалық прокуратураның араласуымен 740 қызметкердің жалақылары өтелді - Көкшетау
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетау қалалық прокуратурасының араласуымен «Көкшетау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылығы жұмысшылардың жалақы берешегін өтеді.
Прокуратураға келіп түскен өтінішке сәйкес жүргізілген тексеріс барысында кәсіпорынның бас директоры тарапынан жұмысшыларға айлық жалақы төлеу кезіндегі жіберілген кемшіліктер атап көрсетілді. Тексеріс көрсеткендей, мемлекеттік мекеменің 740 адамға берешегі 16 824 530 теңгені құраған. Қазір орын алған олқылық ретке келтіріліп, жалақы борышы өтелді.