Қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи жүйесін қалыптастыруды жеделдету керек - Президент

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи жүйесін қалыптастыруды жеделдету керектігіненазар аударды.

Президент: У Астаны особый статус, она призвана служить примером современной урбанистики
Фото: Ақорда

-Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осы тектес жобаларды іске қосу пысықталып жатыр. Соның аясында тәулігіне мың жарым тоннаға дейін қалдық өңдеу, электр энергиясын өндіру қарастырылған. Ел бойынша қалдықтарды жоюды көздейтін 40-тан астам жоба жоспарланған. Олардың бәрі белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асырылуға тиіс, - деді Мемлекет башсысы.

Сонжай-ақ ол сонымен қатар қалдықтарды сұрыптау және қоқыс полигондарын дамыту мәселесіне мән беру маңызды екенін атап өтті. 

-Бұл істі кейінге қалдырудың экологиялық салдары ауыр болатынын әрі оның тұрғындар тұрмысына теріс әсер ететінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан Үкімет осы бағытта қажетті шаралар қабылдағаны дұрыс,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осыған дейін Президенті Астананың басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс екенін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар