Қалдықтардан энергия өндіру мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 Астана халық­аралық мамандандырылған көрмесі аумағындағы Француз ұлттық павильонында «Энергияны қайта өңдеу. Шешімдер. Серіктестер» деген тақырыпта семинар болып өтті. Ол Назарбаев университеті мен Syctom компаниясы зерттеуші­лерінің ортақ жұмысының нәтиже­сіне арналды.
None
None

Жер шары халқының жартысы­нан көбі қалаларда тұрады. Зама­науи мегаполистер ресурстардың барлық түрлерінің негізгі тұтыну­шысы бола отырып, экологиялық мәселелердің негізгі көзіне ай­налуда. Қалдықтарды басқару жүйесін салу сұрағының өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді.

Бүгінде түгелге жуық үлкен қалалар қоршаған ортаға зиянын тигізбей, қалдықтарды қайта өңдеуге мүмкіндік беретін шешімдерге ие. Франция мен Қазақстан қалаларында қолданылатын технологиялық шешімдер семинарда талқыланған негізгі тақырып болды.

Syctom компаниясы - қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Еуропадағы алғашқы мемлекеттік оператор және Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Француз павильонының серіктесі. Компания ұсынатын әдістер мен шешімдер, қалдықтарды қайта өңдеуге арналған француздық классикалық үлгіден өзгеше. Компанияның қызметі қайталама шикізатты сұрыптауды қолдануға және ары қарай өндіруге негізделген, бұл қалған қалдықтардан таза, әрі қайта жаңғыртылатын энергия алуға мүмкіндік береді. Мұндай қадамның нәтижесі - ресурстарды сақтайды. «Болашақтың міндеті - аздаған қалдықтан көп энергия өндіру», - деп Syctom компаниясының Техникалық сервис жөніндегі Бас директорының орынбасары Пьер Хиртцбергер мырза өз баяндамасында атап өтті.

Қазіргі таңда, қоқысты қайта өңдеу және таза энергия өндіру мәселелерін зерттеу Астана тәрізді үлкен қалалар үшін аса маңызды. «ЭКСПО-20017 көрмесінің арқасында, көптеген мемле­кеттерден тұрмыстық-қатты қалдықтарды өңдейтін әлемдік жетекші компаниялардың өкілдері Қазақстанға келді. Сонымен қатар, бүгін мұнда көптеген қазақстандық компаниялар мен мекемелердің де өкілдері бар, оларға шет елдік компаниялармен тә­жірибе алмасып, оны зерттеу аса пайдалы болады.  Бұл ретте, Франциядағы көшбас­шылардың бірі болып табылатын Syctom компаниясының қызметі қызықты бола­тыны сөзсіз. Париж - халқы тығыз қоныс­танған, тез өсіп келе жатқан үлкен қала, Астана да дәл солай, сол себепті олардың тәжірибесі бізге ерекше қызық және біз онымен қуана танысамыз», - деді М.Бек­тұрова.

Семинар барысында француздық және қазақстандық мамандар қалдықтарды өңдеу және оларды энергияның баламалы көздері ретінде қолдану саласындағы өз жаңа зерттемелерімен бөлісті. Бұл ретте Syctom компаниясының ведомства аралық бөлімінің директоры Каролин Шаль ханым қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым бағыттар мен осы салада екі ел арасындағы ынтымақтасудың және тәжірибе алмасудың ықтимал әдістері туралы айтып өтті. Ал SІAAP компаниясы Бас директорының орынбасары Денис ПЕНУЭЛЬ Париждің ірі коммуналдық қызметтері қаланың экологиялық және энергетикалық мәселелерін шешуге арналған тәжірибелері мен ресурстарын қалай біріктіретіні туралы тілге тиек етті.

Айта кетейік, Syctom және SІAAP компаниялары биологиялық газдарды өндіруді арттыруға, ақпасу тұнбаларын өңдеу үдерістерін дамытуға және тұр­мыстық қатты қалдықтардың органикалық фракцияларын қайта өңдеуге арналған бірлескен инновациялық шешімдер жасаумен айналысады.

Ал Назарбаев университетінің Энер­гетика орталығы «Экология және Климат Энергетикалары» зертханасының жетек­шісі міндетін атқарушы, доктор Ербол Сарбасов қатысушыларды Астана қаласы үшін жасалған, тұрмыстық қатты қал­дықтарды жағудың жаңа технология­ларымен, сондай-ақ, АҚҚ (айналмалы қайнаған қабат) технологиясы бойынша көмірді жағу реактивтілігіне тұрмыстық ауыр қалдықтардың әсерін зерттеуімен және газдандыру үдерісімен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар