Кәлетаев Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі комитетінің құрамына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Дархан Кәлетаев Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.
None
None

«Депутат Дархан Кәлетаевты ҚР Парламенті Сенаты тұрақты комитеті құрамына сайлау қаралады. Сенатор Кәлетаев өзінің депутаттық міндетін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамында орындау жөнінде өтініш білдірді», - деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дауыс беру барысында депутаттар Дархан Аманұлының аталған комитеттің құрамында қызмет ету өтінішін қолдады.

«ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Дархан Аманұлын құттықтаймыз, депутаттық қызметіңіз табысты болсын!» - деді өз құттықтауында Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазан айының аяғында Д.Кәлетаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар