Калифорнияда аккумулятор батареясын сақтайтын зауыт отқа оранды

АСТАНА. KAZINFORM - Калифорнияда әлемдегі ең ірі аккумулятор батареясын сақтайтын зауыттардың бірінде өрт шығып, 1 500-ге жуық адам эвакуацияланды. 

Калифорнияда аккумулятор батареясын сақтайтын зауыт отқа оранды
Фото: Doug Duran/Bay Area News Group

Калифорнияның Монтерей округіндегі Vistra Corp. Moss Landing электр станциясында өрт шығып, Мосс-Лэндинг және Элкхорн-Слау аудандарының тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. 

- Нысанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сақтайтын ондаған мың литий батареялары бар. Ал олар өртеніп кетсе, өртті сөндіру қиынға соғады, деп хабарлайды Associated Press News.

Vistra Corp өрт анықталғаннан кейін зауыттағы барлық жұмысшы қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты. Өрт сөндіргеннен кейін тілсіз жаудың неден болғанын анықтау үшін тергеу басталады.

Солтүстік Монтерей округі жұма күні барлық мектеп мен кеңсе жабылатынын хабарлады. Жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар