Калифорнияда полицейлер мектепте баррикада жасаған ер адамды атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Калифорния штатында полиция қызметкерлері бастауыш мектеп кабинетінде мұғаліммен бірге бекініс жасаған ер адамға оқ жаудырды, деп хабарлайды ABC News телеарнасы.

Калифорнияда полицейлер мектепте баррикада жасаған ер адамды атты

Бұған дейін Риверсайд округінде оқушылардың бірінің ата-анасы мұғаліммен бірге кабинет есігін жауып алғаннан кейін, оқушылардың мектептен эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Оқушылар ата-аналарына табысталды.

Телеарна мәліметінше,  полиция қызметкерлері ер адамды атып, жаралаған. Содан кейін ауруханаға жеткізген.