Калифорнияда табиғи өрт салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның мыңдаған тұрғыны шаттың бірнеше аймағында үш күннен бері өршіп тұрған ірі өрт салдарынан қауіпсіз жерлерге көшірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Агенттік мәліметтері бойынша, Сакраменто қаласынан шамамен 100 км қашықтықта орналасқан  Сьерра-Невада тау бөктерінің аумағында 4 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді, тағы 7,4 мың тұрғын өз үйлерін тастап кетуге дайын күйде.

Калифорнияның орман шаруашылығы департаменті өкілінің айтуынша, тілсіз жау 20 шаршы шақырым аумақта лаулап жатыр, кем дегенде 10 үй отқа оранды.

Онымен бір мезгілде, Санта-Барбарадан шығысқа қарай орналасқан далалы алқаптан 3,6 мыңға жуық адам көшірілді. Олардың арасында жүздеген демалушылар да бар. Өрт құрсауында қалып қойған жергілікті балалар лагерінің 90 тәрбиеленушісі мен 50 тәлімгері дін-аман эвакуацияланды. 

Соңғы жаңалықтар