Калифорниялық экстремал қонақ үй шатырынан бассейнге секірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниялық (АҚШ) блогер-экстремал қонақ үйдің шатырына шығып, бірінші қабат деңгейінде орналасқан бассейнге секірді.
Тиісті видеокадрларды ол өзінің YouTube-арнасында жариялады.
Оның өзге роликтеріне қарағанда, жігіт хай-дайвинг және клифф-дайвингпен айналысады. Оның жартастан секіргені бейнеленген жазбасын бір айда 2,3 миллион рет қаралған. Ол кезде экстремал өлім аузынан аман қалды, деп хабарлады rosbalt.ru.