Қалың жауған қардан Алматыда 10 балдық көлік кептелісі пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда түстен кейін ауа райы күрт нашарлап, боран соғып, қар жауа бастады. Соның салдарынан қала көшелерінде көлік кептелісі пайда болды.

кептеліс
Фото: Ашық дереккөзден

Қалың қардың түсуіне байланысты қалада көлік кептелісі 10 балдық көрсеткіштерге жетті. Ол туралы мәлімет 2GIS сервисіне шықты.

Қала көшелерінің басым бөлігі, әсіресе әл-Фараби, Абай, Сейфуллин, Райымбек, Назарбаев даңғылдары, Желтоқсан, Сәтпаев, Мұқанов, Байтұрсынов, Төле би көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қызыл түсті көрсетіп тұр.

Бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтқан болатын.

Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды. 

Соңғы жаңалықтар