Қалмұханбет Қасымов: бір жыл ішінде төленбеген айыппұл күшін жояды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа өзінің блогында мерзімі бір жылдан асып кеткен жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұлдардың төлену тәртібі туралы сұрақ қойылды.

Қалмұханбет Қасымов: бір жыл ішінде төленбеген айыппұл күшін жояды

Блогта бұл сұрақтың жиі көтерілетін мәселе екені айтылған.

Олег Арестов есімді сұрақ қоюшы жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың мерзімі бір жыл уақыт өткен соң сот арқылы орындалмаса ҚР ӘҚБ 890-бабы негізінде күшін жоятын-жоймайтынын сұраған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«ҚР ӘҚБ кодексі 890-бабы 1-бөліміне сәйкес, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бір жыл мерзім ішінде орындалмаса, одан әрі орындауға жатпайды», - делінген министр блогындағы жауапта.