Қалмұханбет Қасымов БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директорымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қалмұханбет Қасымов БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директорымен кездесті

Дәл сол күні ҚР Ішкі істер министрі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Григорий Пустовитовпен кездесті.

Министр халықаралық ұйымдардың өкілдерін еліміздегі есірткі ахуалымен және заңсыз есірткі айналымының жолын кесу үшін қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық жағдайы және перспективалары туралы пікірлермен алмасты, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға қатысушы мемлекеттердің есірткіге қарсы ведомстволарының өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту қажеттілігін атап өтті.

Іс-шара барысында Қ. Қасымов халықаралық ұйымдардың трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтастықты нығайту және диалогты қалыптастырудағы ерекше рөлін атап көрсетті.