Қалмұханбет Қасымов журналистерді марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мен «Сақшы - На страже» газетінің 85 жылдығына орай министр Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Салтанатты шараға орталық аппараттың жеке құрамы мен басшысы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Министр өз сөзінде журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, полицияның жұмысына ылғи да қызығушылық танытып, шынайы әрі жан-жақты ақпарат беретін БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.
null

Сондай-ақ Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органының жұмысын БАҚ-та белсенді жариялап жүрген 34 журналисті марапаттады. Олардың арасында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Бақытжан Ербасов та бар.

Кездесу қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаеваның қатысуымен және ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының ансамблінің ұмытылмас әуенімен аяқталды.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар