Қалың көпшілікті акциялармен жұмыс істеуге үйрету керек - Елбасы

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта еліміздегі «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ұлттық компаниялар акцияларының таратылуына байланысты акцияларды пайдалану мәселесінен көпшілік арасында кеңінен түсіндіру қажеттігін атап көрсетті.
None
None

Елбасы бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XIII съезінде айтты.

АҚШ халқының 40 пайызының акция ұстайтындығын атап көрсеткен Мемлекет басшысы: «Акциялардың иелері биржада болып жатқан өзгерістерді қалт жібермей қадағалап отырады. Біздің азаматтарды осыған үйрету керек. Біз алғашында, яғни тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында осы шараны қолға алуға тырысып бақтық. Алайда қалтасы қалың азаматтар келіп, барлығын сатып алып жатты. Сондықтан қазір акциялардың қарны жуандарға емес, қарапайым халыққа сатылуын қадағалау керек», - деді.

Сондай-ақ сөзінде қазір акциялар құнының уақыт өткен сайын өсіп отырғандығын атап өткен Елбасы акцияларды орналастыру ісіне шетелдік инвесторларды да көптеп тарту қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар