Қалың көпшіліктің соттарға деген сенімі артып келеді - ҚР Жоғарғы сотының өкілі

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы соттардың атқарған жұмыстарына жүргізілген сараптама жұмыстары қалың көпшіліктің сот әділдігіне деген сенімінің артқандығын көрсетті.
None
None
Соның нәтижесінде азамттардан түскен арыздар саны 10 пайызға артып отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесу барысында ҚР Жоғарғы сотының Азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Мұсабек Әлімбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы еліміздің соттарына 983 мың 267 арыз түскен. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 100 мың іске көп болып отыр. Сотқа түскен арыз-шағымдардың 808 мың 996-сы яғни 82 пайызы аяқталды. «Түскен істердің өсіміне келетін болсақ, ол әлемдік дағдарыстың салдарынан болған мәселелерге байланысты азаматтық істер мен құрылыс саласындағы келісімдердің бұзылуы есебінен артып отыр», деді М.Әлімбеков.
Соңғы жаңалықтар